Ақан сері атындағы аудандық мәдениет үйінде СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Сайлауович Идрисов...
29.09.2023 ж.
Ақан сері атындағы аудандық мәдениет үйінде СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Сайлауович Идрисов №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның, Саумалкөл қазақ орта мектебінің, №1 Саумалкөл орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесуі өткізді. Айдос Сайлауович ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас ұрпаққа үлкен үміт артып отырғанын атап өтті. Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры, Саденов Ержан Сапарбековичтің тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері жастармен жұмыс істеуге баса назар аударатыны туралы ескертті. Аудандық орталықтың жоғары сынып оқушыларына А. Идрисов өңірдегі криминогендік жағдайдың, атап айтқанда жасөспірімдер қылмысының жай-күйі туралы қысқаша ақпарат берді, сондай-ақ жастарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуға шақырды.
Шахметова Алмагуль Тулеуовна, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары